.RU

Болашақ мамандардың КӘсіби қызығушылығын қалыптастыруғА Әсер етуші факторлар

Дата22.01.2017өлшемі169.47 Kb.
Жайргазина Н.Т.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, магистр
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
Болашақ педагогтың кәсіби әрекетін жетілдірудің және қалыптастырудың негізгі бағыттары қарастырылған.
Жиырма бірінші ғасырдың саясаткерін, басшысын, бизнесменін және қарапайым адамды бақылай отырып, олардың әрқайсысына кәсіби құзіретті педагог-психологтың көмегі қажет екенін аңғаруға болады.

Бүгінгі таңда психологияға деген қызығушылық өсуде. Педагог-психологтарды, психологтарды дайындау үшін жаңа факультеттер ашылуда, қысқартылған сырттай оқу курстары көбеюде. Бірақ кез-келген адам терең психолог-профессионал бола алмайды. Бұл біріншіден. Екіншіден, өзге адамның ішкі дүниесін шын мәнінде түсінетін, оған мәселелерін сәтті шешуге көмектесе алатын нағыз психолог-профессионалды дайындау үшін психологиялық білім мен тәрбиелеу жүйесі бөлшектей және тұтастай ойластырылған болу қажет. Және міндетті түрде мамандықты игеруге деген қызығушылық болуы шарт.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Жалпы, «жастар» ұғымына ең бірінші анықтаманы 1968 жылы В.Т.Лисовский берген. Ол жастарды «әлеуметтену кезеңінен өтуші, меңгеруші, толысқан кезеңде білім берушілік, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік қызметтерді меңгерген адамдар ұрпағы» деп анықтама берген. Кешірек әлеуметтанушы И.С.Кон жастарға толық анықтама береді. И.С.Кон бойынша, жастар – жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгешеліктеріне, әлеуметтік орнына байланысты психологиялық қасиеттері бар әлеуметтік-демографиялық топ. Ал студент туралы И.С.Кон былай деп жазды: студент «Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді» [3,53].

Жастарды басқа әлеуметтік-демографиялық топтардан бөліп тұрған критерий олардың жастары.

Кеңестік демографияда халық үш топқа бөлініп қарастырылады: жастар (20 жасқа дейін); орта жас (20жастан 59 жасқа дейін) және кәрілік жас (60 жастан бастап).

С.К.Нартова-Бочавердің зерттеуінде қазіргі жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесін қалыптастыру процесі кезеңдері ұсынылған:

Фантазиялық кезең (мектепке дейінгі кезеңге сәйкес); мамандықты алдын-ала таңдау кезеңі (7-10 жас); мамандықты таңдап көру кезеңі (пробный выбор) (11-14 жас); мамандықты нақты таңдау кезеңі (15-17 жас); кәсіби білім алу және кәсіптену кезеңі. Әрбір аталған кезеңде кәсіби өзін-өзі анықтаудың қалыптасу деңгейлері әр түрлі сипатталады.

Жастарға студенттік кезең де жатады. Студенттік кезең – бұл ерекше әлеуметтік мәдениет, жоғары білім беру институтымен біріктірілген адамдардың қоғамы. Тарихи жағынан бұл әлеуметтік-кәсіби құрылым бірінші университеттердің пайда болу уақытынан, ХІ-ХІІ ғасырдан басталады. Студенттер бағыттылықпен білімді және кәсіби біліктілікті жүйелі меңгеретін, оқу еңбегімен айналысатын адамдар тобы.

Әлеуметтік топ ретінде ол кәсіби бағыттылықпен, келешек кәсібіне деген қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекет жағдайларын білуді қажет етеді. Зерттеулер нәтижесінде студенттің мамандық туралы түсініктері оның сабаққа деген қатынасының деңгейімен сәйкес келетінін көрсеткен: өзінің мамандығы туралы неғұрлым аз білсе, соғұрлым сабаққа деген жағымды қатынасы төмен болатыны анықталған.

Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттер өзге топтармен салыстырғанда неғұрлым жоғары білімділік деңгейімен, мәдениетті белсенді пайдалану және таным мотивациясының жоғарғы деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар студенттер - әлеуметтік белсенділіктің жоғарғы деңгейімен және жеткілікті түрде интеллектуалды және әлеуметтік зерделіліктің үйлесімділігімен сипатталатын әлеуметтік қоғам. Бұл студенттік ерекшеліктің негізінде әрбір студентке деген оқытушының педагогикалық қатынастың болуы жатыр. Жеке дара-іс-әрекеттік тұрғыдан студент өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырушы педагогикалық өзара әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Оған нақты кәсіби-бағдарланған тапсырмаларды шешу үшін танымдық және коммуникативті белсенділікке деген бағыттылық тән. Студенттік кезең – адамның қалыптасуындағы орталық кезең және түрлі қызығушылықтардың көрінуімен ерекшеленеді.

Бұл спорттық рекордтың орындалуы, шығармашылық, техникалық және ғылыми белсенді әлеуметтанудың жүзеге асатын кезеңі.

Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеушілерінен алынған мәліметтер студенттік кезеңнің – интеллекттің күрделі құрылымдарының уақыты екендігін көрсетеді. Жоғары оқу орнындағы оқу уақытында еңбектік, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. Оқу барысында меңгерілген білім, біліктілік, дағды оқу іс-әрекетінің пәні ретінде емес, кәсіби іс-әрекеттің құралына айналады. Бірақ техникалық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жартысында жоғары мектепті таңдаған кезде кәсіпке деген қызығушылық мотиві жоқ. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына күмәнданады (А.А. Вербицкий, Т.А. Платонова) [7,37].

Студенттің мәнді көрсеткіші – оқу іс-әрекетінің түрлері мен түр пішіндерін орындай алу біліктілігі. Оқытушылардың алдында жауапкершілігі мол психологиялық-педагогикалық тапсырма тұр. Ол студентті өзінің әрекетін жоспарлап, ұйымдастыра алуды білдіретін оқу іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптастыру мәселесі.

Студентке әлеуметтік зерделі тұлғаға қатынас ретінде қарау адамның әлемге деген көзқарасы емес, дүниедегі өзінің орынына деген пікірдің де қалыптасуына әкеледі. Студенттің әлемді тануын қалыптастыру оның рефлексиясының дамуын, өзін іс-әрекет субъектісі, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде сезінуін білдіреді. Олай болса, студент – болашақ маман, демек студент – мамандықты игеру барысындағы адам.

Болашақ маманның, демек студенттің тұлғалық-кәсіби даму процесінің жүзеге асуы объективті, субъективті, субъективті-объективті жағдайлардың орындалуын талап етеді.

Орта – адамның тіршілік ететін, оқитын, тәрбиеленетін, өз қажеттілігін қанағаттандыратын ортасы. Фактор – адамның дамуына, қалыптасуына әсер етуші сыртқы күштер.Олар көптүрлілігімен, сапалы өзгерістермен, қарама–қайшылықтармен сипатталады. Ортаның сипаты мен педагогикалық коррекцияны анықтау мақсатында орта факторын үш топқа бөлуге болады (макрофактор, мезофактор, микрофактор) (Сызба – 1).

Осы факторлардың әсері объективті, көбіне стихиялы, фронтальды және бір-бірімен байланысты.

Факторлардың адамға әсер етуінің деңгейі әр түрлі: макроорта адамның дамуы мен қалыптасуына тура емес жанама әсер етеді; мезоортаны тасымалдай отырып тура және үнемі әсер етеді.

Жеке бас жетілетін әлеуметтік микротоптар бала дамуының әр кезеңінде әр түрлі ықпал етеді: сәбилік және мектепке дейінгілерде басты ролді отбасы алса, төменгі сынып оқушысына – мектептегі балалар ұжымы; жеткіншек, жас өспірім кезінде құрбылары; ересек адамға әлеуметтік- кәсіптік топ, отбасы, жеке тұлғалар.

Жалпы ғылыми айналымда жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, демек қоғам мүшесі ретінде қалыптасуына, қоғам нормаларын, принциптерін, тапсырмаларын меңгеруіне әсер етуші факторлар зерттеуші А.В.Мудрик бойынша:

Мегафакторлар (мега - өте үлкен, жалпы). Космос, планета, ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, демографиялық жағдай.

Макрофакторлар (макро - үлкен). Мемлекет: әлеуметтік-экономикалық жүйе, қоғамдық психология, қоғамдық сана (идеология, саясат, саяси және құқықтық мәдениет, мораль, дін, өнер, ғылым).

Мезофакторлар (мезо-орта, аралық). Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық-мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, мәдени-білім беруші сфера, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ).

Микрофакторлар отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, құрбылар, көршілер, діни ұйымдар, микросоциум.

Байқасақ, осы аталған әлеуметтену факторларының жас жеткіншектің мамандық таңдауына да әсер ететіндігін байқаймыз. Өйткені адамдың әлеуметтенуінің ішіне мамандықты таңдауы, игеруі, маман ретінде қоршаған ортада өз орнын табуының да рөлі өте зор. Олай болса, мамандықты таңдау, кәсіби өзін-өзі анықтау, оны игеру, біліктілік шеңберіне көтерілу көптеген жағдайлардың өзара әрекеттену нәтижелерінде жүзеге асады... Жеке адамның мамандану үрдісінің басталуы мен өтуін тудыратын жағдайлар әлеуметтенудің факторлары болып есептеледі.



Мегафакторлар (мега - өте үлкен, жалпы) Космос, планета, ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, демографиялық жағдай, әлем - бұлар басқада қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарының әлеуметтенуіне әсер етеді. Планета - бұл астрономиялық түсініктердің бірі, шар тәріздес аспандық дене деген мағынаны білдіреді. Әлем – бұл саяси-әлеуметтік ұғым.

Планетамен әлем бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді болып келеді. Әлем планетаға өз әсерін тигізіп жатады. Мұндай әсерлердің қатарына: экологиялық (қоршаған ортаның ластануы т.б.), экономикалық (елдер мен континенттердегі даму көрсеткіштер, дағдарыстар т.б.), демографиялық (тұрғылықты тұрғындардың санының өсуі немесе кемуінің қадағаланбауы, т.б.), әскери-саяси (саяси тұрақсыздық, қауіп-қатердің өсуі ядролық қарудың тарауы, аймақтық шиеленістер, т.б.), осындай мәселелер өсіп келе жатқан ұрпақтың дамып, әлеуметтенуіне өз әсерін тигізеді.



Макрофакторлар (макро-үлкен). Мемлекет, ел, әлеуметтік-экономикалық жүйе, қоғамдық психология қоғам, (идеология, саясат, саяси және құқұқтық мәдениет, мораль, дін, өнер, ғылым.) Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру. Мемлекет – бұл саяси-құқұқтық түсінік. Мұны қоғамның саяси жүйесінің звеносы, табиғи әлеуметтену факторы ретінде қарастыруымызға болады. Себебі, саясат, экономикалық-әлеуметтік тәжірибе адамдарға өмір сүруіне, дамып, қалыптасуына жағдай жасайды. Мемлекет өз тұрғындарының жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік статусына, ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне орай әлеуметтендіру үрдісін бағыттайды. Ел – мәдени-географиялықфеномен. Қоғам- саяси-әлеуметтік түсінік. Әрбір қоғамда жеке тұлғаның жас ерекшелігіне сай әлеуметтенуіне жағдай жасалынған. Олар гендерлік ерекшеліктерге, қоғамның әлеуметтік құрылымына, экономикалық–мәдени деңгейін, әлеуметтік-психологиялық климатқа тәуелді.

Этнос – грек тілінен аударғанда ұлт, халық деген мағынаны білдіреді. Этнос – тарихи тұрақты қалыптасқан, жалпы менталитетке ие бірлігі жарасқан мәдени ерекшелігі бар адамдардың жиынтығы. Адамның өмір сүру барысында этникалық ерекшеліктер әлеуметтену факторы ретінде саналады. Д.С.Лихачев көрсеткендей, оларды ерекшелейтін ұлттық ерекшеліктер, бұлар тек сапа ғана емес, басқаларда жоқ біраз ғана акценттер жиынтығы. Осыларды негізге ала отырып, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін ұлттық ерекшеліктердің екі тобы бар. Олар: виталдық (өмірлік), менталдық (фундаменталды рухани құрылымы), мұны француз ғалымы Л.Леви-Брюлени енгізген болатын.



Мезофакторлар (мезо - орта, аралық.) Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық-мәдени нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, мәдени білім беруші сфера, БАҚ. Қай елдің болмасын табиғи-географиялық жағдайлары тұрғындардың тіршілік етуіне әсер етеді, ал георграфиялық-климаттық жағдайлар туындаған жағдайларды шешуге дағдыландырады (Я.Щепаньский). Діни дәстүрлер – діни танымға байланысты ғұрыптардың орындалуы. Діни дәстүрлер көп жағдайда халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен байланысты.

Сызба 1 - А.В.Мудрик бойынша әлеуметтену факторлары

Макроорта және макрофакторлар

Космос, планета, эпоха, ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, демографиялық жағдай;

Мемлекет: әлеуметтік-экономикалық жүйе, қоғамдық психология, қоғамдық сана (идеология, саясат, саяси және құқықтық мәдениет, мораль, религия, өнер, ғылым)

Мезоорта және мезофакторлар

Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық-мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, мәдени білім беруші сфера, бұқаралық ақпарат құралдары



Микроорта және микрофакторлар

Адамды қоршаған орта: отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, достар, материалдық-тұрмыстық жағдайлар


Жеке тұлға

Аймақ - әлеуметтік-экономикалық, саяси жүйе, жалпы тарихи кезеңі бар елдің бөлігі. Аймақтың шартты түрде екі түрін көрсетуге болады:географиялық және административтік.

Аймақ - адамның дамуы, өмірлік құндылықтарының қалыптасуы, әлеуметтенуі жүретін географиялық кеңістік. Аймақтық жағдайлардың әлеуметтендіруге әсері, аймақтың бірнеше ерекшеліктерін көрсетеді. Оларға: аймақтың орналасуы, табиғи-географиялық ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері жатады. Мекен-қоныс тарихи қалыптасқан өмір сүру құндылықтары бар, тұрғындардың мекені. Мекен-қонысты адамдар санына, жеке белгілері бойынша топтастыруға болады. Осы мекен-қоныстың әлеуметтендіруге әсерінде тұлғаның екі типін Р.В.Рывкина былай көрсетеді:

- селодағы өмірге бағытталған, ауылға деген қарым-қатынасы жақсы тұлға;

- селодағы ауылдағы өмірге деген теріс көзқарастағы тұлға.

Бұқаралық ақпарат құралдарын – мамандыққа қызығушылығын қалыптастырушы факторы ретінде қарастыратын болсақ, онда мыналарды есепке алған жөн, яғни тікелей обьекті ретінде тек қана жеке тұлға ғана емес, бірнеше топтар да бола алады. Егер нақтырақ атап көрсететін болсақ: газетті оқитын оқырмандар, радионы тыңдаушылар, киноны көретін көрермендер және компьютерді пайдаланушыларды да жатқызуымызға әбден болады. Мамандық бойынша балалардың БАҚ арқылы толықтай мағлұмат ала алатындығы өзінен-өзі белгілі. Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының (радио, телевидения, мерзімді басылымдар, интернет жүйесі) қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі жан-жақты зерттелуде. БАҚ - тың қазіргі жеткіншектердің дамып, қалыптасуындағы орнын әр түрлі қырынан қарастырып жүрген бір топ ресейлік ғалымдарды атап өтуге болады. Олар: Г. Волкова, Г. Грачев, А. Журин, Е.Полат, Г. Чапля және т.б.[10,65].



Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - отбасы, көршілер, құрдастар тобы, тәрбие орындары, діни мемлекеттік ұйымдар, микросоциум. Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі. Отбасы бала үшін тіршілік қоршауы, тәрбиелік ортасы, және мектепте ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос-жарандарыда. Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, қоғамдық өмірге даярлау процесі отбасынан басталады. Өйткені отбасындағы туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаларға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Ата-ананың, аға-апаның, іні-қарындастың, туған-туыстың өнегелі үлгісі баланың сана-сезімінің, ой-өрісінің өсуіне, адамгершілік қасиетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы тегін айтпаған. Отбасы тәрбиесі жас бала жарық дүниеге, өмірге келген алғашқы күннен-ақ басталады. Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады. Адам баласы іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет, ақылы, есі жоқ, мінекей адам баласы осылай әлсіз болып туып, баяу өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбиелемей болмайды.

Отбасы мүшелерінің көргені мен естігенін, білгені мен оқығанын әңгімелеп, пікір алмасуы баланың дүние жайлы, өмір ағымы, мамандық, оның болашағы, орны және т.б. туралы өзіндік ой тоқуы мен көзқарастарының орнығуына кәдімгідей салдары септігін тигізеді. Американдық жазушы Т. Уайлдер былай деп жазады: отбасылық өмір - дауыс, әуендермен ерекшеленетін сияқты, себебі өскелең ұрпақ тек сөздерді естіп қана қоймай, сол сөздердің астарында не жатқанын аңғара алады. Ең бастысы бала өз ата-анасын тани алады, шынымен жақсы немесе жаманды көре алады.

Көршілер – бұл тек бала үшін өмір сүру ортасы ғана емес, оның әлеуметтенуіне әсер ететін мықты фактор болып есептелінеді. Бала өз маңайындағы көршілерімен араласады, мәлімет алмасады, кейбіреулеріне бұндай қарым-қатынас қоғамдағы өз орнын табуға, оған бейімделуіне көмектеседі. Отандық зерттеуші А. В. Баранованың анықтамасы бойынша: көршілер – «жақын жат» (ближайший чужой) яғни кеңістікте жақын болғанымен жан дүниесі алыс адам, дос та туыс та емес.

Құрбылар - олармен араласа отырып, отбасы шеңберінен тыс нормаларды, құндылықтарды игереді, әлеуметтік тәжірибені меңгереді, жаңа стереотиптер қалыптасады, ақпарат алмасады.

Құрбылар тобын белгілеріне байланысты топтастыруға болады ( И.С.Кон бойынша):

- әлеуметтік-психологиялық статусына байланысты: адам нақты енетін топ (мектеп, сынып, спорттық секция, т.б. );

- лидерлік типі бойынша: авторитарлық, демократиялық болады.

- кеңістік көлемі бойынша: аула, квартал, мекеме (мектеп, клуб, бар);

Құрбылар тобының әлеуметтендіру үрдісіндегі негізгі функциялары:

- қоғамда өз орнын табуға көмектеседі;

- жеткіншектерге, жасөспірімдерге өз жынысына сәйкей мінез–құлық дағдыларының қалыптасуына өз әсерін тигізеді;

- жасөспірім, жеткіншек балалар үшін өмірде өзін-өзі тану ортасы болса, екінші жағынан өзін-өзі тану құралы, әсер ету көзі болып табылады.

- өзіндік сананың, кәсіби өзін-өзі анықтаудың қалыптасуына әсер етеді.

-құрбылар - өзін-өзі өзгертулеріне, жаңаша көзқарастың қалыптасуына себепші болады [4,78].

Жеке тұлғаның мамандықты таңдауына, бағыт алуына, мотивін анықтауына, белсенділігіне мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар үйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер құрылымдарын қамтиды. Ал, білім алушылар өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркемөнер – шығармашылық, клубтық, т.б. бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал.

Сондай-ақ, болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға әсер етуші басты фактордың бірі – баланың табиғи нышаны, мотиві, ынтасы, ықыласы, бейімділігі және т.б. Дамыған қызығушылық пен бейімділіктер мамандық таңдаудағы тұрақты мотивацияның базасы болып табылады. Егер бала өзінің қызығушылығын таба алмаса, онда ол өзін қызықтырмайтын мамандық таңдауы мүмкін. Ал егер де оқушы тек оқумен ғана шектелсе, онда болашақта да белгілі бір жұмысты орындаумен ғана шектеліп, қажеттіліктері мен өзіндік дамуы тежеледі. Мамандық қызықты болуы үшін оқушы өзінің қызығушылығы мен икемділігін, бейімділігін табуы керек. Егерде сана жалқау және пассивті болса, онда кез келген мамандық қызықсыз болады: оқушы тек мамандықтың тек сырт келбетін көреді, мамандықтың талаптарын білмейді. Олай болса, кәсіби қызығушылықты анықтаудағы кәсіби бейімділік, позициялар, жасөспірімдердің танымдық түсініктері мен белсенді әрекеті, қызығулары, тыңдаған мамандықтың кейінгі салдарын ұғынуға негіз болады.

Келесі фактор, таңдап алынған мамандықтың қоғамдағы статусы, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы; еңбек құралы, жұмыс орны, еңбекті ұйымдастыру формалары, санитарлық-гигиеналық жағдайы (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі).

Оқыту процесінің жүйелі ұйымдастырылуы мен оқытылатын пәндердің сапалы берілуі, меңгерілуі де басты кәсіби қызығушылықты қалыптастырушы фактордың бірі. Білімдегі жинақылық, жүйелілік, түсініктілік студенттерде жинақы білімді және дағдыны қалыптастырады. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдердің, формалардың түрлендіріліп отырылуы демек, пән мазмұнының болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттыруына бағытталуы. Студенттерге берілетін білім көзінің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туындату.

Педагогикалық практика түрлерінің мазмұнды ұйымдастырылуы да негізгі фактордың бірі болмақ. Студенттер практиканың «не үшін қажеттілігін», оның практикалық іс-әрекетке даярлаушы форма екендігін дұрыс сезінуі тиіс. Олар практикаға уақыттарын өткізу үшін емес, өздерінің болашақ жұмыс орны, кәсіби біліктілікті шыңдау ортасы екендігін толықтай түсінуі қажет.

Біздіңше, тағы бір мазмұнды фактор, жоғары оқу орнында білім беруші оқытушының тұлғасы, демек білімі, адами қасиеттері, мәдениеті, тактісі, имиджі. Д.И.Писаревтің айтуынша, мұғалім оқушыларда пәнді оқуға деген белсенді қызығушылықты тудыруы керек, оқушыларды нәтиже ғана емес, тұтас процестің өз қызықтыруы керек. Ғалымның пікірінше, кез-келген ғылымды қызықты етіп оқытуға болады. Бұл жерде педагогикалық теорияға тәуелді ештеңе жоқ, ол тек оқытушының жеке басына, шеберлігіне байланысты [11,67].

Болашақ мұғалімнің кәсіби қызығушылығын анықтау үшін оның мамандығы тікелей оқушылармен байланысты болғандықтан оқушы тұлғасына, мұғалім тұлғасына, оқытылатын пәнге қатынасын, анықтау қажет.


Кесте 5 - Болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға әсер етуші факторлар

Болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға әсер етуші факторлар

Жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторлары

Болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға әсер етуші факторлар

  • Мегафакторлар (мега - өте үлкен, жалпы). Космос, планета, ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, демографиялық жағдай.

  • Макрофакторлар (макро - үлкен). Мемлекет: әлеуметтік-экономикалық жүйе, қоғамдық психология, қоғамдық сана (идеология, саясат, саяси және құқықтық мәдениет, мораль, дін, өнер, ғылым).

  • Мезофакторлар (мезо-орта, аралық). Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық-мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, мәдени-білім беруші сфера, БАҚ.

  • Микрофакторлар отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, құрбылар, көршілер, діни ұйымдар, микросоциум.




  • Баланың табиғи нышаны, мотиві,

ынтасы, ықыласы, бейімділігі,

танымдық түсініктері, белсенді

әрекеті, тыңдаған мамандықтың

кейінгі салдарынжәне т.б.



  • Таңдап алынған мамандықтың

қоғамдағы статусы, мамандарды

даярлау туралы мәлімет,

перспективасы, еңбек жалақысы;

еңбек құралы, жұмыс орны,

еңбекті ұйымдастыру формалары,

санитарлық-гигиеналық жағдайы

(климат жағдайлары туралы

мәлімет, жарықтандыру сипаты

және басқа да санитарлық

факторлар, еңбек режимі мен

ритмі).


  • Оқыту процесінің жүйелі

ұйымдастырылуы мен оқытылатын

пәндердің сапалы берілуі,

меңгерілуі.


  • Педагогикалық практика

түрлерінің мазмұнды

ұйымдастырылуы.



  • Жоғары оқу орнында білім

беруші оқытушының тұлғасы,

демек білімі, адами қасиеттері,

мәдениеті, тактісі, имиджі.


Сонымен, болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыру технологияларында осы аталған факторлардың әсер ету деңгейлерін, олардың спецификалық мазмұнын ескеру қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Изақова А.Т. Өзін-өзі танытудың мағына құрушы факторларының кәсіби өзіндік анықталуға әсері. А., 1999.

  2. Касаткина Н.Е. Психологические факторы профессионального самоопределения.М., 2000.

3. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание. М., 1984

4. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание. М., 1984

5. ҚР білім туралы заңы. 2007ж, 15 тамыз.

6. Түрікпенов Ж.Т. Оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар. А., 2005.

7.Закарьянов К.К. Методологические и педагогические основы процесса профессионального становления студентов университета в условиях многоступенчатой системы образования. Дисс.докт.пед. наук. А., 1995.

8.Айтмамбетова Б.Р. Педагогикалық институтта студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.диссерт. А., 1970.

9. 2011-2020 ж. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

10. Деркунская В.А. Личностно-профессиональное самопознание студента педагогического вуза: психолого-педагогический практикум. М., 2007.



11. Писаренко В.И., Писаренко И.Я.Педагогическая этика. М., 1977.

Достарыңызбен бөлісу:

doklad-stepanova-valeriya-mihajlovicha-glavi-administracii-municipalnogo-obrazovaniya-goroda-obi-novosibirskoj-oblasti.html
doklad-strategiya-razvitiya-municipalnogo-obrazovaniya-gorod-kirov.html
doklad-studenta-iv-kursa-do.html
doklad-sudebnaya-praktika-o-priznanii-sdelki-s-zhilimi-pomesheniyami-dejstvitelnoj-sostoyavshejsya.html
doklad-szhiganie-othodov-umirayushaya-tehnologiya.html
doklad-tankova-anatoliya-tihonovicha.html
  • textbook.largereferat.info/itogo-ekz--121-protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-po-zaprosu-kotirovok.html
  • institut.largereferat.info/tehniki-nejtralizacii-dosadnih-zamechanij-i-vozrazhenij-chast-2.html
  • knigi.largereferat.info/shedevri-mirovoj-nauki-biblioteka-psihoanaliticheskoj-literaturi-pod-obshej-redakciej-professora-m-m-reshetnikova-stranica-13.html
  • otsenki.largereferat.info/rossijskie-smi-o-mchs-monitoring-za-26-oktyabrya-2010-g-stranica-3.html
  • upbringing.largereferat.info/makeeva-l-n-stilisticheskie-osobennosti-leksiki-nauchnoj-prozi.html
  • grade.largereferat.info/nikolaj-nepomnyashij.html
  • reading.largereferat.info/metodicheskie-rekomendacii-po-podgotovke-i-napisaniyu-ivanovo-2012.html
  • vospitanie.largereferat.info/vstuplenie-kazahstana-vo-vsemirnuyu-torgovuyu-organizaciyu-i-tekushee-sostoyanie-respublika-tadzhikistan-i-vto-voprosi-soglasovaniya-interesov.html
  • knowledge.largereferat.info/moego-vistupleniya-primenenie-informacionno-kommunikacionnih-tehnologij-na-urokah-anglijskogo-yazika-v-mladshih-klassah.html
  • znanie.largereferat.info/9-kriterij-ocenki-zayavok-otkritij-konkurs-organizator-konkursa-oao-yakutopttorg-kontaktnie-dannie.html
  • bukva.largereferat.info/sk-rf-provodit-proverku-po-faktu-gibeli-semi-pri-pozhare-v-kostromskoj-oblasti.html
  • tetrad.largereferat.info/vozhdi-v-zakone-stranica-11.html
  • write.largereferat.info/gnoseologiya-i-ontologiya-v-buddizme-dvojstvennoe-znachenie-terminov-o-o-rozenberg-problemi-buddijskojfilosofii.html
  • grade.largereferat.info/ob-utverzhdenii-polozheniya-o-formah-i-poryadke-provedeniya-gosudarstvennoj-itogovoj-attestacii-obuchayushihsya-osvoivshih-osnovnie-obsheobrazovatelnie-programmi-srednego-polnogo-obshego-obrazovaniya-stranica-34.html
  • grade.largereferat.info/metodicheskie-ukazaniya-k-vipolneniyu-kursovoj-raboti-specialnost-ekonomika-i-buhgalterskij-uchet.html
  • grade.largereferat.info/monitoring-smi-za-22-marta-2012-goda.html
  • zanyatie.largereferat.info/pravovoj-status-ministerstva-oboroni-rossii.html
  • shpargalka.largereferat.info/vernopoddannij-trilogiya-imperiya-stranica-12.html
  • desk.largereferat.info/oksidi-osnovaniya-kisloti-l-d-svincova-kandidat-himicheskih-nauk-docent-kafedri-obshej-i-neorganicheskoj.html
  • institute.largereferat.info/glava-14-kubatura-sferi.html
  • uchebnik.largereferat.info/uchebnik-po-prakticheskim-tehnikam-dlya-sodejstviya-lichnostnim-izmeneniyam-vknige-prostim-i-dostupnim-yazikom-vsestoronne-raskrivayutsya-principi-tehniki-i-praktika-psihologicheskogo-konsultirovaniya-stranica-5.html
  • thesis.largereferat.info/portret-nad-kaminom-proklyatie-roda-maknejl-tihie-shagi-uzhasa.html
  • exchangerate.largereferat.info/glava-15-znatok-molodoj-paren-denis-gutko-po-vole-sudbi-sluchajno-popadaet-v-zonu-polnuyu-mutantov-i-fizicheskih.html
  • ucheba.largereferat.info/pravila-priema-v-nacionalnij-issledovatelskij-universitet-visshaya-shkola-ekonomiki-na-vtoroj-i-posleduyushie-kursi-i-perevoda-studentov.html
  • lektsiya.largereferat.info/programma-fakultativnogo-kursa-dlya-vii-klassa.html
  • testyi.largereferat.info/495-951-25-17782-58-87-seminar-strahovie-vznosi-v-2012-godu.html
  • university.largereferat.info/funkcya-motivac-trudovo-dyalnost-komponenti-teor-shlyahi-chast-2.html
  • write.largereferat.info/gorodskoj-konkurs-po-stranovedeniyu-xgorodskogo-festivalya-detskogo-i-yunosheskogo-tvorchestva-yunie-talanti-moskovii-prohodil-20-marta-2008-goda-na-baze-gou-crtdiyu-lefortovo-sostav-zhyuri.html
  • learn.largereferat.info/formirovanie-nauchnih-tradicij-i-nakoplenie-opita-nacionalnogo-iskusstvoznaniya-stranica-2.html
  • credit.largereferat.info/plan-yapodoshel-ko-vhodu-v-bolshuyu-pesheru-tvorchestvo-leonardo-da-vinchi-madonna-s-cvetkom.html
  • abstract.largereferat.info/119034-g-moskva-3-j-obidenskij-per-d-1-str-5-21fevralya2011-goda-stranica-6.html
  • doklad.largereferat.info/vnutrifrakcionnaya-rabota-tv-tv-11-pervij-kanal-novosti-ekonomiki-30-09-2005-evteev-06-38-11.html
  • universitet.largereferat.info/uchebnaya-i-rabochaya-programmi-plani-i-zadaniya-k-seminarskim-zanyatiyam-krasnoyarsk-2003.html
  • turn.largereferat.info/osobennosti-argumentacii-v-sudebnom-diskurse.html
  • exchangerate.largereferat.info/baza-danih-14.html
  • © LargeReferat.info
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.